Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда76253
Бір айда2309
Бір аптада228
Кеше35
Тәулік2
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 111
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 396
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повестіндегі Қожа бейнесі. Қазақ әдебиеті 6 сынып
31-05-2013 12:27

Пән:  Қазақ әдебиеті                                                   

Пән мұғалімі:Ғазиз Еңлік Ғазизқызы

Сынып:6 «Ә»сынып                                             

 Айы, күні:_________

              Сабақжоспары

1.     Сабақ тақырыбы:     Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа»  повестіндегі Қожа бейнесі

2.     Сабақ мақсаты:

а) Білімділік:Б.Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жазушының «Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік қолтаңбасы мен Қожа бейнесін берудегі шеберлігін анықтау.                                           

 ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, өзіндік ойын, сөз саптау ерекшеліктерін дамыту.

 б) Тәрбиелік: Тазалыққа, адалдыққа, әділдікке, балалықтың  бал дәуренін түсіне білуге, адами тұлғалық ерекшелікті қастерлеуге тәрбиелеу.

3.     Сабақ түрі: Жаңа сабақ

4.     Сабақ типі: Топтық жұмыс

5.     Сабақ әдісі: Баяндау, салыстыру, талқылау, ой қозғау, топтастыру стратегиясы

6.     Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайынд. мәтіндер),

7.  Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл

8. Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу;      б) Оқу құралдарын реттеу;   ә) Оқушыларды түгендеу;    в) Кезекшілікті анықтау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:          Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесі

1.    Әбдіжәміл Нұрпейісов деген кім?

2.    Ә.Нұрпейісов қай өңірде дүниеге келді? (Қазіргі Қызылорда облысы, Арал теңізінің жағасында)

3.     «Балықшылар» деген әңгімесі жазушының қай туындысынан алынған үзінді

4.    Арал балықшыларының тұрмысы үзіндіде қалай берілген?

5.    Федоров пен Еламанның арасындағы қақтығыс неден туды деп ойлайсыңдар?

6.     Әңгімеде өмір мен өлім арасындағы жанталас қай кейіпкерлер арқылы ашық суреттеледі?

7.    Еламанның Федоровтың өлтіру себебі неде деп ойлайсыңдар? Еламанға мінездеме бер.

8.    Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы не білесіңдер?

(Қоржыннан әр топ асық алып, сол асықтың номеріне сай берілген сұрақтарға жауап беруі керек)

 (Өткен сабақтан алған білімін сараптау) __________________________________________________________________

_________________________________________________________________

III. Жаңа сабақ:

Мұғалім:Маған бақыт ‒ сабақ өткізу сендерге,

               Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.

               Балалықтың бал дәурені шат күліп,

               Бәрімізге болсын серік сәттілік!

‒ Бүгін балалар, біз қазақ балалар жазушыларының бірі ‒ Бердікбек Соқпақбаев ағамыздың өмірі және шығармашылығымен танысамыз.  Интерактивті тақтада жазушының портреті көрсетіледі.

Б.Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. 8 жасқа келгенде анасынан айырылады. «Колхоздастырудың алғашқы жылдары ең бір қиын кез болған. Содан соңғы басымнан кешкенімді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы өмірге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екен-ау»,-дейді өз естелігінде (Өз естелігінен).

Қызметі:

Шығармалары:

Жетістіктері:

1. Ауыл мектебінде бала оқытқан

2. Алғашқы қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған жазушы «Пионер»  (қазіргі «Ақжелкен») журналында қызмет етті

3.«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істейді

4. «Балдырған» журналында қызмет етті

5. Қазақстан Жазушылар одағында балалар  әдебиеті жөніндегі  әдеби кеңесші болады.

 

1. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған

2. Жиырмадан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынады

3. «Менің атым ‒ Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың», «Гауһар», «Аяжан», «Дала жұлдыздары», «Жексен ‒ жекеменшік» сурет кітапшасы жарық көреді

1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Францияда өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым ‒ Қожа» арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды.

‒ Балалар, жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын «Менің атым» деген мәселеге назар аударайықшы, жалпы «Ат қою дәстүрі» дегенді немесе өздеріңе берілген есімдер туралы не айтар едіңдер? (Бірнеше оқушы өзінің есімінің туу тарихымен таныстырады). (Бір оқушы «Ат қою дәстүрі» туралы мағлұмат береді)

‒ Иә, балалар, осылайша ат қою дәстүрі сақталған ба? Ал Қожаның кезінде ырымшыл қазақ халқының шәлдехана тойында ат қою дәстүрі сақталыпты. «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,-дейді кейіпкер. Бұл кім балалар? (Ол ‒ Қожаберген). 

Қосымша ақпарат: Балалар, алғашқыда автор Б.Соқпақбаев «Менің атым ‒ Қожа» повестін «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, повестегі барлық оқиға желісі Бердікбек Соқпақбаевтың өз өмірімен тікелей байланысты екен.

«Повесть» деген не? Баяндау түрінде қарасөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін  повесть (хикаят) деп атайды. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақ, романнан қысқа болып келеді. Повесте оқиғалар жинақы, сюжеттік желісі бір арнада ғана өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.

Қызығушылықты ояту