Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда78307
Бір айда8380
Бір аптада2202
Кеше345
Тәулік401
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
«АКТ педагогикалық іс- әрекетте» атты оқу- әдістемелік байқаудың ережесі
31-05-2013 12:50

І. Байқаудың мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:Педагогикалық іс- әрекетте ақпаратты- комуникациялық технологияның қолдану тәжірибесін көрсету.

Міндеттері:

-         АКТ өз сабағында қолдануда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жағдай жасау;

-         педагогикалық іс- әрекетте АКТ қолдану барысындағы оқу- әдістемелік құралдар базасын толықтыруды қамтамасыз ету;

-         педагогикалық іс-әрекетте АКТ қолданатын ұстаздардың тәжірибесін жинақтау.

ІІ. Байқаудың ұйымдастыру комитеті.

Ұйымдастыру комитетінің құрамына кіретіндер:

1.     облыстық білім беру басқармасының әдіскері

                                                                Маралбаева Майра Бектимировна

2.     директордың ғылым жөніндегі орынбасары

                                                            Аккентаева Клара Мухаметкалиевна

3.     директордың оқу- тәрбие орынбасарлары:

                                                             Джамалбаева Сайран Сагатовна

                                                          Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна

                                                          Бакирбекова Гулбану Абусыздыковна

4.     информатика мұғалімдері:

                                               Баядилова Асем Канатовна

                                                Абылгазина Эльмира Турагуловна

ІІІ. Байқауға қатысушылар.

Байқауға әрбір пән әдістемелік бірлестігі қатысады.

1.      Ақпаратты- комуникациялық технологияны қолданған сабақ үлгісі.

2.     Ақпаратты- комуникациялық технологияны қолданған оқу-дістемелік жинақ.

3.     Оқушылар портфолиосы

ІV. Байқауды өткізу кезеңі, уақыты.

Дайындық кезеңі – 14.03 – 5.04. 2013ж

Өткізу кезеңі – 8.04.2013ж

Байқау жүлдегерлері дипломдармен марапатталып, жұмыстары мектеп сайтына шығарылады.

V. Байқау талаптары.

1.     Негізгі бөлігінде (сабақ үлгісінің) қолданылған ресурстар мен дидактикалық материалдар кесте түрінде.

2.     Қорытынды

3.     Қосымша (презентация, видеоматериалдар, электрондық ойындар, саит және т.б.)

V. Байқау жұмыстарын бағалау көрсеткіштері.

І. Ақпаратты- комуникациялық технологияны қолданған сабақ үлгісі.

   -  сабақтың мазмұны;

   -  өзектілігі, жаңашылдығы, ерекшелігі;

   -  әдістемелік өңдеу мәдениеті және сапасы;

   -  авторлық дидактикалық материалдардың болуы (мультимедиалық презентация, видеоролик,интерактивті тест, саит және т.б.)

ІІ. Ақпаратты- комуникациялық технологияны қолданған оқу - әдістемелік жинақ.   

-         оқу-әдістемелік жинақтың сапалы берілуі;

-         өзектілігі және ерекшелігі;

АКТ қолдану барысында:

-         оқушылардың оқу іс-әрекетінің жоғарлау тиімділігі;

-         оқушылардың өздік жұмысы мен өз бетімен білім алуына жетелеуі;

-         оқушылармен жекеленген жұмыс жүргізуге тиімділігі;

-         білімділік, тәрбиелік және денсаулық сақтау міндеттерін шешуге негізделуі.